Кешенді тексерумен бір уақытта ауыл тұрғындарының денсаулығын қадағалау, оңалту шаралары да қолға алынған.
Елді елең еткізген оқыс оқиға ауыл мектебінде орын алған еді. 10-15 жас аралығындағы 25 оқушы мен үш мұғалімнің кенеттен жағдайы нашарлап, біразы есінен танып қалды.
Одан кейін улану дерегі тағы да бірнеше рет қайталанып, дәрігердің көмегіне жүгінгендер саны 91-ге жеткен.
Рауан ДИӘЛИ