Павлодарда химиялық кластер дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда химиялық кластер дамып келеді

10.01.2015
Павлодарда химиялық кластер дамып келеді

Мемлекеттік «Үдемелі индустриялық инновациялық даму» бағдарламасы арқасында елімізде химия-технология саласының кластері дамып келеді. Жоба Павлодарда іске асып жатыр. Жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы «Каустик» АҚ-ы қазақстандық үлесті арттыруға пәрменді жұмыс жасап жатқанын ерекше айтқан болатын. Бір ғана мысал, өңірдегі мұнай-химия бағытындағы еркін экономикалық аймақ осы кәсіпорын аумағында орналасты.

Бұндағы негізгі шикізаттың 98 пайызы кәдімгі тұз. Химиялық тілмен айтқанда хлорланған натрий. Өнім шығару үшін екі пайыз ғана түрлі реагенттер қосылады.

Бүгінде кәсіпорын аумағындағы еркін экономикалық аймақта заманауи өндіріс ошақтары ашылып жатыр. Олар тұрмыста және медицинада қолданылатын өнімдерді шығарады. Яғни, өндірісті өңірде шикізат экспорты азайып, сыртқа дайын тауар кетіп жатыр.

Болат АМАНБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу