Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасы ауданының тәртіп сақшылары бірнеше жыл мал ұрлаумен айналысып келген барымташыларды қылмыс үстінде қолға түсірді. Он жылқыны алдына салып айдаған қылмыстық топты қуғыншылар көп ұзатпады. Жылқылар осы аудандағы «Макка» шаруа қожалығына тиесілі болып шықты.
Сондай-ақ, тергеу барысында барымташылар аталған шаруашылықтан 2013 жылы 9, ал 2014 жылдың желтоқсанында 17 жылқысын ұрлағаны анықталды.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Рауан ДИӘЛИ