Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады.
1-қаңтардан бастап күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшарттың 26-бөлімінде еңбек нарығындағы көші-қон мәселесін реттеу тетіктері көрсетілген.
Ол бойынша ендігіде одаққа мүше елдердің еңбек мигранттары үшін әлеуметтік сақтандыру көзделген.
Яғни, еңбек мигранттары медициналық сақтандыру мен жұмыс барысында апатты жағдайларға ұшырағанда ортақ сақтандыру жүйесі жұмыс істейді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ