Малдың санын арттыруға бастапқыда қаржы қолбайлау болған. Дегенмен мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алып, қазір шаруа қожалығы қанатын кеңге жайды.
Жоламан Тоқабаев, шаруа қожалығының басшысы:
Мал асырап, күн көріп жатырмыз. Алғашында 2 бұзаулы сиыр, 4-5 ешкі ғана болған.
Шаруа қожалығында 200-ден астам жылқы, 100-ге жуық қой, 50-ден аса ірі қара бар. Төрт түліктің төресі түйені де өсіруді қолға алған.
Арқаның саршұнақ аязында түйені асырауға ешкімнің батылы жете бермейді. Бірақ, күтімі келіссе, пайда да көл-көсір.
«Түйесі бардың киесі бар». Тоқабаевтар әулеті Арқада ойсылқара тұқымын көбейтуге ден қойды.
Индира Бегайдар, тілші:
Шаруашылықта 15-ке жуық тазы бар. Олар елік, қарсақ, қоян аулауға көмектеседі. Шаруалар енді тазылардың санын 50-ге жеткізуді көздеп отыр.
Аманат Тоқабаев, шаруа:
Тазыны 12 жыл бойы асырап келеміз. «Лашын» деген тазым 190 иттің ішінен бірінші орын алды. Күніне 3-4 қоян, 1-2 борсық аулайды.
Елбасы 2016 жылға қарай ірі қара етінің экспортын 60 мың тоннаға жеткізуді тапсырған болатын. Осы міндетті орындауға шаруалар үлес қоспақ.
Индира БЕГАЙДАР