Бір ай бұрын тұрғындары белгісіз газдан уланған Березовка ауылында экологиялық бақылау станциясы іске қосылды.
Кешенді нысан газға талдама жасайтын құрылғылардан тұрады. Олар ауаға тараған газды дер кезінде тіркеп, құрылымын анықтайды.
Сараланған мәліметтер бірден «Қазгидрометтің» Астана мен Орал қаласындағы серверлеріне түседі.
Санитарлық аумақтағы бақылау бекеттерімен салыстырғанда, жаңа станция ластанған ауаның құрылымын екі есеге артық анықтайды.
Рауан ДИӘЛИ