Зайсан қаласында жаңа балабақша салу үшін республикалық бюджеттен 321 миллион теңге бөлінді.
Құрылысқа жауапты компания «Ертөстік» балабақшасын екі жылда салып, белгіленген уақытта тапсырды. Енді мұнда 6 топқа бөлініп 140 бала тәрбиеленеді.
Ал, екінші балабақша «Балдәурен» деп аталады. Оны жөндеп, қайта қалпына келтіру үшін аудандық бюджеттен 34 миллион теңге бөлінген.
Берік КӨШЕРБАЕВ