Қарқаралы ауданының кәсіпкерлері мемлекеттік қолдауға ие - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарқаралы ауданының кәсіпкерлері мемлекеттік қолдауға ие

01.01.2015
Қарқаралы ауданының кәсіпкерлері мемлекеттік қолдауға ие

Нұрлан Төлеутаев қолда бар қаржысына жазғытұрым Ресейден асыл тұқымды 50 ешкіні сатып әкелген. Айтуынша, ешкі сүтінің пайдасы зор.

Ағзаға йод жетіспеушілік кезінде, базет дертіне, жүрек қан-тамырлары, ас қорыту жолдары ауруларына ем көрінеді.

Осы күзде ешкі сүтінің литрін 800, ал ірімшігінің бір келісін 900 теңгеден саудалаған.

Сұраныс өте жоғары болғандықтан жоспарымыз да ауқымды, дейді кәсіпкер.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу