Қазақстанда күн сайын 1 мыңға жуық, ал жылына 400 мыңдай бала дүниеге келеді. Бұл тұтас бір қаланың халқымен тең.
Әлеуметтік салаға серпін берген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы басталғаннан бері 27 мыңдай адам арнайы оқыту курсынан өтті.
25 мыңнан аса адам несие алып, жеке ісін ашты. Осының нәтижесінде елімізде қосымша 20 мың жұмыс орны ашылды.
Жалпы әлеуметтік салаға келер жылы 2 миллиардқа жуық теңге бөлінбекші.
Елбасы тапсырмасына сәйкес, қандай экономикалық тығырыққа тап болсақ та, салаға бағытталған бұл қаржы қысқармайды. Өйткені, тұтас қоғамның, тұтас мемлекеттің әл- ауқаты елдегі әрбір отбасының жағдайымен өлшенеді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ