Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішевтің айтуынша, елімізде кәсіпкерлік қызметті жақсартуға бағытталған түпкілікті шаралар туралы Заң қабылданды.
2015 жылы санитарлық-эпидемиологиялық аудит және өндірістік бақылау сияқты балама тексеру түрлері енгізілмекші.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары басқа да бақылау тетіктерін іске асырады.
Ал, инфекциялық ауруларға қатысты арыз-шағымдар бойынша тексеру эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайға ғана жоспардан тыс жүргізіледі.
Әлиақпар Мәтішев, ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы:
Жылдың 2-ші жартыжылдығында тұтынушыларды алдап соғатын, қара ниетті кәсіпкерлермен тиісті шараларды қолданып, жұмыс жүргіземіз.
Ал, дәл қазір мораторий болған соң, бұл секторға әзірге тісіміз батпайды. Десек те, біз үшін тұтынушылардың құқығы маңызды фактор боп саналады. Мұны Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де құптайды.
Себебі, мемлекет үшін ең бастысы халықтың денсаулығы. Ал, арамза бизнес өкілдері халықты алдамас үшін біз Заң аясында әрекет етеміз.
Алмат ӘБДІРАМАН