Еңбек түбі – береке - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек түбі – береке

27.12.2014
Еңбек түбі – береке

Ал, пойыз құрастырушы болуға кез-келген жан аса ынта таныта қоймайды. Сондықтан да машақаты көп ауыр жұмысты істеп жүргендер арасында жастар санаулы.

Ілуде бір кездесетін пойыз құрастырушы жастың бірі – Қызылорда жол бөлімшесінде еңбек ететін Арман Қоңырбаев.

Теміржол – экономиканың күре тамыры болғандықтан, оның маңызы қай кезде де жоғары. Осыны терең түсіне білетін азамат жұмысының жауапкершілігін де сезіне біледі. Сезіне отырып, ел игілігі үшін тынбай тер төгіп келеді.

Вагондарды ажырату, қайтадан тіркеу. Құрамнан алынуы тиісін тұйыққа бұру. Оңай шаруа емес. Бірақ, өзі кәсібін сүйетін жан оны құлшына атқарады.

Кезінде Түрксіб теміржолы бүкіл Орта Азия елдерінің дамуына тың серпін берсе, мүлгіп жатқан далаға жан бітірген шойын жол Қазақстанның да әлемнің алдыңғы қатарлы ел болуына септігін тигізбек.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу