Елді көркейтетін – еңбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елді көркейтетін – еңбек

26.12.2014
Елді көркейтетін – еңбек

Ол Орал қаласында тұрады. Коммуналдық мекеменің қарапайым қызметкері мыңдаған тұрғынның уақытылы жылу және ыстық сумен қамтылуын қадағалап, үлкен іске өзінше үлес қосып келеді.

Мұқсим Серғалиевтің күнделікті қызметі жылу желілерін тексеруден басталады. Түске дейін ол 30 шақты жылу құдығына түседі, 5 шақырым жолды жүріп өтеді.

Өзіне қарасты аумақтағы ондаған тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарға жылу мен ыстық судың қалыпты жеткізілуін қадағалайды.

Мұқсимның өзіне жүктелген міндетті адал атқарып келе жатқанына 18 жыл болыпты.

Еңбекқорлығы, кәсіби шеберлігі арқасында ұжым арасында үлкен беделге ие. Одан келіп басшылық кеңес алады, жастар ақыл сұрайды.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу