Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде кей жерлерде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Атырау облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болмақ. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Сонымен қатар, Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ