Сондықтан, түсі мен тілі, ұлтына қарамастан әрбір азамат Тәуелсіздік толғауын бойтұмардай сақтап, өскелең ұрпаққа аманат ету басты парызымыз болмақ, - дейді зиялы қауым.
«Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Әлемде теңдесі жоқ бірліктің арқасында, қажырлы білім мен қайсарлы жауынгерліктің арқасында қазақ елі бүгінде теңдігін алуымен қатар бүкіл әлемге елдігін танытып келеді.
Осы қазақтың қасиетті жерінде дәулетін жинап, ұрпағын жайған 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар, жастар ұрпақ сабақтастығындағы осы тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін көзінің қарашығындай сақтай білсе екен», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Қазақбай Қасымов.
Жазира ИСАЕВА