Жат ағым жетегінде кеткен 450 отандасымыз дәстүрлі дінімізге қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жат ағым жетегінде кеткен 450 отандасымыз дәстүрлі дінімізге қайтарылды

24.12.2014
Жат ағым жетегінде кеткен 450 отандасымыз дәстүрлі дінімізге қайтарылды

Бұл туралы бүгін, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен жылдық есеп беру мәжілісінде мәлім болды.

Биыл ел бойынша, 22592 адам сауат ашу курстарында білім алып, 64 имам Мысыр, Түркия және Ресейде білімдерін жетілдіруде.

Діни басқарманың аттестациялық комиссиясы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының 1031 имам-молдасын аттестациядан өткізген.

Алдағы уақытта да, барлық өңірде діни-ағартушылық жұмыстары атқарылмақ.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу