Оңтүстік Қазақстан облысында үздік кәсіпкерлер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында үздік кәсіпкерлер марапатталды

24.12.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында үздік кәсіпкерлер марапатталды

Құрметке бөленгендер қатарында үздік жұмыс беруші, үздік тауар өндіруші мен үздік инвесторлар бар.

Сондай-ақ, үздік жас кәсіпкер, үздік кәсіпкер әйел номинациялары бойынша да жеңімпаздар анықталды. 

Бұл марапат – еңбектің еленуі, маңдай тердің өтеуі, дейді кәсіпкерлер.

Осылайша кәсібін дөңгелеткендер тынымсыз еңбекпен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етуді жалғастыра бермекші.

 

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу