Ақмола облысына 151 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылды. Бұл туралы бүгін журналистермен кездескен облыс әкімі Сергей Кулагин мәлімдеді.
Оның айтуынша, өңірдегі шағын және орта бизнестің көлемі 9,2 пайызға өскен.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Калачи ауылынан ең алдымен балаларды көшіріп алу қажет екенін, оған шамамен 2 миллиард теңге керектігін жеткізді.
Көшіп-қону жұмыстары 2015-2016 жылдары жүзеге аспақ.
Индира БЕГАЙДАР