Жастарға үндеу салған Президент «оңай олжадан» аулақ болуға шақырды. «Әркім өз мамандығының майын ішіп, жілігін шақсын» деп қадап айтты.
Сондай, еңбегі еленіп, жұмысының жемісін көріп жүрген жандардың бірі – Айнұр Жәкейқызы.
Ол Қазақстанда алғаш рет құрастырылған есту аппаратының шығарушысы.
Аппаратты шетелден алғызсаңыз, кемінде 160, көбі 540 мың теңгеге шығындаласыз. Ал, Қазақстанда құрастырылатын аппарат құны шамамен 80-260 мың теңге.
Келер жылы «Даму» қорымен кәсібімді өрге домалатамын деген Айнұр Жәкейқызының арманы – шағын зауыт ашу. Қазір осы жөнінде шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізуде.
Әлия ӘШІМ