Олар қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылды нығайту туралы шараларды талқылады.
Тараптар әскери-техникалық іс-қимыл, әскери білім, кадрлар даярлау салаларындағы байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстан біраз жылдан бері әскери қызметшілерді, офицерлік құрамды оқыту үшін Беларусь Республикасының әскери жоғары оқу орындарына жіберуде.
Бірлескен оқу-жаттығу өткізу, жауынгерлік даярлықты жетілдіруде тәжірибе алмасу, екі ел қарулы күштерінің жедел үйлесімділігін арттыруда үлкен мүмкіндіктер бар екені де айтылды.
Индира БЕГАЙДАР