ИШИМ бейнеролигіндегі қазақстандық балалардың аты-жөні белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ИШИМ бейнеролигіндегі қазақстандық балалардың аты-жөні белгілі болды

19.12.2014
ИШИМ бейнеролигіндегі қазақстандық балалардың аты-жөні белгілі болды

Белгілісі, соғыстың ортасында жүрген балалардың көбі онда ата-аналарымен барған.

Бұл ақпарат экстремизм мен терроризмге қарсы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында белгілі болды.

Отырыста бас қосқан заң сақшылары жалпы елдегі, әлемдегі лаңкестіктің алдын алу жайын сөз етті.

ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Қазақстандағы терроризмге қатысты ақпараттың қолжетімсіздігін айтады.

Прокуратура өкілдері «өзге елде соғыс ошақтарында жүрген отандастарымызды қайтарамыз, аталған бейнероликтердің тарап кетпеуін қадағалаймыз», деді.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу