Әр азамат елі үшін аянбай қызмет етуі тиіс – Ерлік Мұхамеджанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әр азамат елі үшін аянбай қызмет етуі тиіс – Ерлік Мұхамеджанов

19.12.2014
Әр азамат елі үшін аянбай қызмет етуі тиіс – Ерлік Мұхамеджанов

«Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі», деген рухқа толы сөздері жастарды жігерлендіріп, ел үшін аянбай қызмет етуге үндейді, дейді теріскейлік Ерлік Мұхамеджанов.

Әр азамат өзін қоғамның белсенді мүшесі санап, белгілі бір мамандық иесі атануы тиіс. Елдегі елеулі оқиғалардан қалыс қалмай, өзін болашақтың іргестасын қалаушы тұлға ретінде сезінуі керек, дейді ол.

Сонда ғана Қазақстанның 23 жылда жеткен жетістіктері одан ары еселеніп, биік шыңдарды бағындыруға даңғыл жол ашылады. Ал оның көшбасында өзіне сенімді, адал да еңбекқор жастар болмақшы.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу