Әр өңір ұлық мейрамға өзіндік дайындықпен келген. Мәселен, қостанайлық диқандар дәнді-дақылды артығымен жинағанын мақтан етті.
Ал, қызылордалықтар ұлтаралық татулықты дамыту бағытында табысты істер атқаруда. Қазір өңірде 11 этномәдени ошақ бар.
Жалпы қазақстандықтар Елбасы ұсынған «Нұрлы жолды» жарқын жаққа бастар даңғыл жол деп санайды.
Президент әр сөзінде дамыған мемлекеттің өлшемі оның дамыған экономикасымен өлшенетінін айтады.