Кәсіпқой бокстан бірнеше дүркін Әлем чемпионы, 1988 жылы өткен Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері Рой Джонс, қазақстандықтарды ұлық мерекесімен құттықтағалы келіпті.
Аз уақытта абаттанған Астана шаһарына таңданыспен қарағанын да жасырмады.
«Қазақстан мен үшін Геннадий Головкин, Бейбіт Шүменов сынды сайыпқырандармен жақсы таныс», - дейді Рой Джонс.
Қадірлі қонақты күтіп алған еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мейманға құрмет танытып, иығына шапан жапты.