Әр өңір ұлық мейрамға өзіндік дайындықпен келген. Мәселен, Қостанайлық диқандар дәнді-дақылды артығымен жинағанын мақтан етті. Қамбаға құйылған астық қоры – 4,5 миллион тонна.
Ал, қызылордалықтар ұлтаралық татулықты дамыту бағытында табысты істер атқаруда. Қазір, өңірде 11 этномәдени ошақ бар. Бәрінің мақсаты – тату-тәтті тірлікті үлгі ету.
Қарағандылық «Қазақмыс» кәсіпорыны бүгінгі күнге айтулы жетістікпен жетіп отыр. Жалпы, қазақстандықтар Елбасы ұсынған «Нұрлы жолды» жарқын жаққа бастар даңғыл жол, деп санайды.
Әлия ӘШІМ