Тәуелсіздік тұғырлы болсын! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік тұғырлы болсын!

15.12.2014
Тәуелсіздік тұғырлы болсын!

Еліміздегі оң өзгерістерді сырттан бақылап отырған сарапшылар қазақ елінің мызғымас экономика қалыптастырып, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан ойып орын алғанына тәнті.

Мұстафа Исен, Түркия президентінің бас кеңесшісі:

Біздің елдердің арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты жақсы екенін барша әлем біледі.

Біз тек байланыс орнатып қана қойған мемлекеттер емеспіз, тілегі бір бауырлас халықпыз.

Қазақстан тәуелсіздік алғанда қуанышымда шек болмады. Міне, қазір қай дәрежеге жеттіңіздер.

Осы даму қарқынынан таймасаңыздар қысқа мерзімде әлемдегі көшбасшы мемлекеттердің қатарында боласыздар. Бастысы, тәуелсіздікті қадірлей біліңіздер. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Мевлүт Чавушоғлы, Түркияның Сыртқы істер министрі:

23 жыл ішінде Қазақстан өзін дәлелдей білді. Сыртқы саясат пен экономикада толағай табыстарға жеткен бірден-бір мемлекетсіздер.

Қазақ елінде тұратын түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүруі тәуелсіздіктің баянды болып жатқанын көрсетеді.

Әрине, Қазақстанды болашаққа үлкен жетістіктер күтіп тұр.   Біз бауырлас елдің қуанышына қашанға ортақпыз. Бүкіл түрік елінің атынан сіздерді ұлық мерекемен құттықтағым келеді.

Ингрид Калуве, Нидерланд корольдігі Парламенті сенатының депутаты:

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Сіздер екі онжылдықта толағай табысқа жеттіңіздер.

Осы қарқынмен сіздер дамыған 30 мемлекеттің қатарына белгіленген мерзімнен бұрын кіретіндеріңізге сенімдімін.

Барша халыққа берекелі бірлік пен баянды тірлік тілеймін!

Ахмет Узумчу, БҰҰ жанындағы химиялық қаруға тыйым салу ұйымының бас хатшысы:

Нидерландта жұмыс істегенмен, ұлтым түрік. Сондықтан, мен қазақ бауырларымды ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

Нұрсұлтан Назарбаев елдің дамуы үшін, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Қазақ басшысы ядролық қарудан бас тартып, әлем елдеріне үлгі көрсетті.

Әлемдік қауымдастықты жаппай қырып-жою қаруынан бас тартуға үндеген басшыларыңызға алғысымыз шексіз. Елдеріңізде тек бейбітшілік болып, өсіп-өркендей беріңіздер!

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу