Қарулы топты қолға түсіру кезінде қаза тапқан полицей Самат Шоханов екінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Ерлігі үшін Астана қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы Амантай Әубәкіров қаладағы көшенің біріне батыр есімін беру керек, деп есептейді.
Ал бүгін генерал-майор қаза тапқан Самат Шохановтың ата-анасына орден мен құрмет грамотасын табыстады.
Әлия ӘШІМ