Бүлдіршіндерге қазақ тілін үйрететін портал ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүлдіршіндерге қазақ тілін үйрететін портал ашылды

15.12.2014
Бүлдіршіндерге қазақ тілін үйрететін портал ашылды

Ал, балғындардың қазақ тілін жетік білуі үшін порталда тіл үйретудің тиімді әдістері қамтылған.

Яғни, жаңа жүйе арқылы бүлдіршіндер әліппе үйреніп, ана тілінде ән айтып, аудио-ертегілер тыңдай алады.

Ал, «Сандықша», «Ойындар» атты қосымша бөлімдер арқылы балалар қазақ тіліндегі мультфильмдерді көріп, ұлттық ойындармен танысады.

Жоба авторлары балалардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген талпынысын арттыру үшін, ынталандыру сыйлықтары болатынын айтады.

Азат Шауеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:

Біз жуырда ынталандыру сыйлықтарын тараттық. Әлеуметтік желіде қазақ тілін меңгеріп отырғандарды қарап отырамыз. Оларға әдеби кітаптар, дискілер береміз.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу