Себебі, кеңес дәуірінде өзге ұлттар басым облыста қазақи өнер ордасы болмаған. Бұл өңірде қазақ драма театры тек ғасырлар тоғысында ғана ашылды. 14 жылдық тарихы бар өнер ордасы бүгінде, өз қолтаңбасын қалыптастырып, ұлттың рухани өзегіне айналып үлгерді.
Өнер ордасы 15 жылға жуық уақыт ішінде көрермендеріне 75 қойылым ұсыныпты. Тәуелсіздіктің арқасында теріскей төсіне ту тіккен театрдың алар асуы алда. Еркін елдің өнерін өркендетіп, рухын асқақтатуға өз үлесін қоса бермек.
Дәуренбек ӘБДІБЕК