Қызылордада ІІ топ мүгедегі Жанат Әліқұлова тігін цехын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада ІІ топ мүгедегі Жанат Әліқұлова тігін цехын ашты

12.12.2014
Қызылордада ІІ топ мүгедегі Жанат Әліқұлова тігін цехын ашты

Жанат – Чернобыль апатына қатысушы, ІІ топтағы мүгедек. Бірақ, ол «денсаулығым нашар», деп ешқашан қарап отырған емес.

«Жәрдем-Содействие» деп аталатын ол ұйым биыл «Тұрмысы төмен отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі әйелдерді жұмыспен қамту,яғни мемлекеттік жәрдемақыдан жеке табысқа жету» жобасын әзірлеп, қазір сол бойынша жұмыс істеуде.

Жұмысқа орналасуға 74 мүгедек әйел ниет етсе, әзірге соның 16-сы еңбекпен қамтылды. 8-і тігін цехында. 

Дайын өнімге сұраныс жоғары. Онымен қоса мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің қажеттілігін де қамтамасыз етеді.

Келер жылдан бастап тігінші санын арттыру жоспарда бар. Соған сәйкес тігін цехында дайындалатын өнім түрі де артады.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу