Кәсіпкерлікті дамыту аясындағы мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың 42 пайызы – әйелдер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлікті дамыту аясындағы мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың 42 пайызы – әйелдер

12.12.2014
Кәсіпкерлікті дамыту аясындағы мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың 42 пайызы – әйелдер

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Жиында олар бір жылда тындырған жұмыстарын саралап, алда атқарылатын істерін талқылады.

Алдағы уақытта Алматы қаласында мүгедек балаларға арналған жеке «Үміт үйі» ашылмақ. Алайда, оған мемлекеттің қолдауы қажет, дейді мамандар.

Жоба авторлары оның құнын «мемлекеттік балабақшадағы бағадан асырмаймыз», деп отыр.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу