Ақмола облысында Тәуелсіздік күніне орай жаңа автокөліктер табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында Тәуелсіздік күніне орай жаңа автокөліктер табысталды

12.12.2014
Ақмола облысында Тәуелсіздік күніне орай жаңа автокөліктер табысталды

Бұл мамандарға өнімді жұмыс істеуге мүмкіндік бермекші. Құқық қорғаушыларға бөлінген көліктердің көбі аудандық Ішкі істер бөлімдеріне үлесіне тиді.

33 жаңа қызметтік автокөлік түрлі құрылымдарға бөлініп берілді. Оның 11-і Ақмола облысының шалғай жатқан ауылдық округтерінің әкімдеріне табысталды.

Енді елді мекендерді жиі аралап, жұртпен жиі жүздесіп отыратын болдық дейді, олар.

Ал, қалған 22 көлік төтенше жағдайлар қызметінің мамандарына, қоғамдық тәртіпті сақтауда еңбек етіп жүргендерге бөлінді.

Хабарламаларға жазылу