Астанадағы №49 мектепте Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы №49 мектепте Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті

12.12.2014
Астанадағы №49 мектепте Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт өтті

Олардың басым көпшілігі – материалдық жағдайы төмен, жетім балалар мен жарымжан оқушылар.

Мерекені айрықша өткізген жеткіншектер, ұлттық рухты насихаттайтын ән шырқады, патриоттық жырлар оқып, мың бұралып би де биледі.

Кеш соңында мерекелік концертке қатысқан барлық оқушыға сыйлықтар табысталып, арнайы құттықтау қағаздарымен марапатталды.

Жасөспірімдердің өнеріне тәнті болған ұстаздар, осындай шаралар арқылы тәлімгерлерді назардан тыс қалдырмай, әлеуметтік қолдау да көрсететінін жеткізді.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу