Тәуелсіздік күні Алматы метросы жолаушыларды тегін тасымалдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік күні Алматы метросы жолаушыларды тегін тасымалдайды

12.12.2014
Тәуелсіздік күні Алматы метросы жолаушыларды тегін тасымалдайды

Тәуелсіздік күні Алматы метросы жолаушыларды тегін тасымалдайды. Бұл туралы «Метрополитен» КМК баспасөз қызметі хабарлады.

16 желтоқсан күні Алматы тұрғындары мен қала қонақтары метромен кез келген бағытта тегін жүре алады. Ол үшін кассаларда тегін жетон таратылады. Смарт-карта қолданушылар да тегін жетон үшін кезекке тұрады. Аталған акцияға «АТФ банк» демеушілік жасап отыр.

«Бұл акцияны ұйымдастыра отырып, қала тұрғындары мен қонақтарын атаулы мерекемен құттықтағым келді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан көптеген жетістікке жетті. Еліміздің әр азаматына өзінің жеке және кәсіби мүмкіндігін ел мүддесіне пайдалануына тілектеспін», - деді «АТФ банк» басқарма төрағасы Энтони Эспина.

Естеріңізге сала кетейік, 16 желтоқсанда Алматыда «Satu Fest» жеңілдіктер фестивалі басталады. Бұл шаралардың барлығы мейрамды Алматыда өткізуді жоспарлаған азаматтардың игілігі үшін жасалып жатыр.

Хабарламаларға жазылу