Орал қаласында 47 зейнеткерді алдаған телефон алаяқтары сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласында 47 зейнеткерді алдаған телефон алаяқтары сотталды

12.12.2014
Орал қаласында 47 зейнеткерді алдаған телефон алаяқтары сотталды

Қариялардың үйіне алаяқтар полиция қызметкерлері болып телефон шалып, балалары немесе туғандарының ұсталғандығын хабарлайды. Содан соң ақша талап етеді.

Бұған дейін алты мәрте сотталған Максим Киреев, жымысқы әрекетін түрмеде отырып жасаса, оның бостандықтағы сыбайласы Александр Гафин, арбауға іліккен қариялардан ақша алып отырған.

Қолды болған ақшаның көлемі әртүрлі. 20 мыңнан бастап, 1 миллион 125 мың теңгеге дейін жетеді.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу