Шымкентте көпқабатты төрт үй пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте көпқабатты төрт үй пайдалануға берілді

11.12.2014
Шымкентте көпқабатты төрт үй пайдалануға берілді

Облыс орталығында төрт бірдей көпқабатты үй пайдалануға беріліп, 270 отбасы баспана алды.

Қоныстой иелері пәтерге мемлекеттік «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы арқасында ие болды. 

Үйлі болғандардың арасында  11 соғыс ардагері мен 132 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар бар. Сондай-ақ, бұл күні баспанаға  жас отбасылар да  қол жеткізді.

 

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу