Сыр кәсіпкерлеріне серпіліс берер құжат дайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр кәсіпкерлеріне серпіліс берер құжат дайындалды

10.12.2014
Сыр кәсіпкерлеріне серпіліс берер құжат дайындалды

Қызылорда облысы әкімдігі мен Кәсіпкерлік палатасы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту тұрғысындағы бірлескен іс - қимыл құжаты негізінде бизнес өкілдері жұмысының өрісі кеңеймек. 

Сыр өңірі орта және шағын кәсіпкерлік көрсеткіші бойынша елімізде алдыңғы қатардан көрініп келеді. Облыс әкімдігі тарапынан 300 миллиард теңгенің жобасы дайындалып, Үкіметке жолданды.

Мұнан бөлек6 Елбасы Жолдауы негізінде  бөлінетін қаржыға сәйкес  450 миллиард теңге көлемінде тағы бірнеше жоба әзірленіп жатыр.         

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу