Осыдан 45 жыл бұрын Павлодар қаласында «Жас ұлан» атты жасырын саяси ұйым құрылды.
Мақсаты - сол кездегі әміршілдік-әкімшілік жүйеге қарсы тұру. Алайда, бұл ұйым бес ай ішінде әшкереленіп, белсенді жастар қолға түсті.
Іле-шала ресми жаза қолданып, қудалауға салған.
«Астыртын саяси жазалаудан еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейін барып құтылдық», дейді ұйымның мүшелері.
Болат АМАНБАЕВ