9-желтоқсан - Халықаралық жемқорлықпен күрес күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

9-желтоқсан - Халықаралық жемқорлықпен күрес күні

09.12.2014
9-желтоқсан - Халықаралық жемқорлықпен күрес күні

Осыған орай, Алматыда кездесу өтті.

Онда БҰҰ-ның жемқорлыққа қарсы Конвенциясын жүзеге асыру аясындағы атқарылған шаралар, елдегі, оның ішінде Алматыдағы жемқорлыққа қарсы күрестің барысы айтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заң Тәуелсіз елімізде алғаш 1998 жылы қабылданса, 2008 жылы БҰҰ-ның жемқорлыққа қарсы Конвенциясын ратификациялады.

«Transparency International» халықаралық ұйымының статистикасына сүйенсек, еліміз жемқорлық индексі бойынша былтыр 140-орында тұрса, биыл 126-орынды иеленген.

 

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу