Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел шекарасын қорғап жүрген төрт бірдей әскери бөлімге салтанатты түрде әскери туды табыстады.
Жыл сайын күш-қуаты артып келе жатқан шекара қызметінің ел тыныштығын сақтаудағы орны ерекше, еңбектері ерен.
Сөз алған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев осыны айтты.
Ел шетіне жау шапса, етігімен су кешетін батырларымыз болса қалтқысыз, адал қызмет ететіндіктерін жеткізді.