Ақтауда пәтері өртеніп кеткендерге көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда пәтері өртеніп кеткендерге көмек көрсетіледі

09.12.2014
Ақтауда пәтері өртеніп кеткендерге көмек көрсетіледі

Қызыл жалын 800 шаршы метр жерді шарпыған.

Алты пәтер толық өртеніп кетті. Ал, төменгі қабаттағы баспаналар су астында қалды.

Пәтерлері отқа оранған тұрғындар уақытша баспаналарға орналастырылды. Оқиға орнына облыс әкімі арнайы барып, апатты жою жұмыстарымен танысты.

Жергілікті билік өрт салдарынан зақымданған үйлерді жөндеу жұмыстарына көмектесетін болады.

 

Жазира ӘБІЛ

 

Хабарламаларға жазылу