Петропавл жылу-электр орталығында жаңа қазандық іске қосылды. Қондырғының арқасында бу шығару қуаттылығы сағатына 270 тоннаға дейін жоғарылады.
Бұл кәсіпорынның көмірге жұмсайтын шығынын 3 мың тоннаға дейін азайтуға сеп болды.
1961 жылы тұрғызылған жылу орталығындағы қондырғылар соңғы жылдары ескіріп, шығын көбейген еді. Осыған байланысты кәсіпорын агрегаттарды жаңартуға кірісті.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ