Тәуелсіздік мерекесіне 13 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік мерекесіне 13 күн қалды

03.12.2014
Тәуелсіздік мерекесіне 13 күн қалды

Оңай келмеген Тәуелсіздіктен кейін, қазақ халқының бойы бірден тіктей қойған жоқ.

Көпұлтты елде әуелі бірлік мен ынтымақты жарастыру мақсаты тұрды.

Екінші – халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, ал ең бастысы – елдің экономикасын тіктеу керек еді.    

Ата-бабаларымыздың қолы жетпей, армандап кеткен тәуелсіздікке міне, біздер жеттік. Әрине, қазіргі жетістікке оңай келген жоқпыз.

Кеңес Одағы ыдыраған шақта еліміз тоқырау кезеңінен өтті. Талай қиындықты басынан өткерді.

Алайда, қазақ халқының рухының күштілігі сонша, артқа тартынбады, шегінбеді. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу