Оқиға бүгін таңғы сағат 8-дер шамасында болған. Қатты жарылыстан өрт шығып, үйдің қабырғалары құлаған.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер «тілсіз жауды» ауыздықтап, құтқарушылар қабырға басып қалған әйелді аман алып шықты.
Қазір Төтенше жағдай департаментінің жанынан арнайы комиссия құрылып, жарылыстың себеп-салдарын анықтауда.
Айнұр АҚБАЕВА