Мамандардың айтуынша, аналардың және нәрестелердің денсаулығы жақсы.
Тұңғыш Президент күнінде өмірге сәби әкелген аналарды Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова арнайы құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Айта кетейік, Алматы қаласында күн сайын 100 сәби дүние есігін ашады.
Биыл 30 мыңнан аса нәресте дүниеге келген. Оның ішінде 5 үшем, 282 егіз бала бар.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ