Атыраулық мүмкіндігі шектеулі жандар отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан Ұлттық құрамасына кіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық мүмкіндігі шектеулі жандар отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан Ұлттық құрамасына кіреді

28.11.2014
Атыраулық мүмкіндігі шектеулі жандар отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан Ұлттық құрамасына кіреді

Бұл команда спортшыларының дені жергілікті азаматтар.

Тағдырдың тауқыметіне мойынұсынбай, бар ынта-жігерін спортқа арнаған мүмкіндігі шектеулі жандар келісімшарт бойынша қомақты еңбекақыларын да алып жүр.

Команда ойыншылары әлемге танымал спортшылар. Себебі, клубта жиырма ойыншы болса, соның тең жартысы Ұлттық құрамада ойнайды.

Ал, Қазақстанның құрама командасы талай рет халықаралық додалардан жеңіспен оралған.

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу