Төлемақы:
- Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғалар;
- Тыл еңбеккерлері;
- Ауғанстанда және басқа мемлекеттерде әскери іс-қимылдарда қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасы мүшелеріне беріледі.
Сонымен қатар, бір реттік әлеуметтік көмек:
- 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы алатындардың ішіннен тұрмысы төмен азаматтарға;
- 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында саяси қуғын-сүргін көргендерге төленеді.
Барлығы 7 мыңға жуық адам әлеуметтік көмекпен қамтылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.