Ақтөбеде бала сатпақ болған екі әйелге қатысты сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде бала сатпақ болған екі әйелге қатысты сот үкімі шықты

25.11.2014
Ақтөбеде бала сатпақ болған екі әйелге қатысты  сот үкімі шықты

Қызының жүктілігінен хабардар әйел жиені  дүние есігін ашпай жатып, сәбиді сатып, пайдаға кенелуді көздейді.

 Ол қызын көндіріп, баланы сатып алатын адамды да өзі табады.

Безбүйрек әйел жаңа туған сәбиі үшін Ақтөбеден екі бөлмелі пәтер алып беруді сұрайды. Содан кейін барып 1,5  миллионнан астам теңгеге сатуға келіседі.

Қызы мен анасы уәделескен жерде ақшаны алып жатқан жерінен тұтқындалды. Енді олардың екеуі де жазаларын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді. 

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу