Ресей құлаған «Протон-М» зымыран-тасығышы үшін өтемақы төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей құлаған «Протон-М» зымыран-тасығышы үшін өтемақы төлейді

24.11.2014
Ресей құлаған «Протон-М» зымыран-тасығышы үшін өтемақы төлейді

Бұған дейін ресейліктер өтемақыны төлеуге келіскенімен, келтірілген шығынды есептеу әдісіне қатысты екі ел арасында қарама-қайшылық орын алған болатын. Осы жолғы отырыста қос мемлекет өкілдері ортақ мәмілеге келді.

Сонымен қатар, басқосуда «Протон» зымыран-тасығышы ұшырылымын азайту мәселесі, Байқоңыр қаласы тұрғындарының денсаулығын қорғау жайы талқыланды.  

Ал, Байқоңыр мектептеріндегі қазақ балалары келер жылдан бастап еліміздің білім беру стандартымен оқитын болады. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу