Алматыдағы ЛА-155/18 тергеу изоляторында жаппай тәртіпсіздікке қарсы «Вулкан» деп аталатын тәжірибелік оқу-жаттығу өтті.
Алдын ала жоспарланған сценарий бойынша тергеу изоляторының ішінде күдіктілер қапастан-қапасқа еркін жүруді талап етіп, тәртіп бұзған.
Камераларында суық қарулар жасырған жазасын өтеушілер төсек-орындарын өртеп, ішкі тәртіпке қарсы әрекеттер жасады.
Арнайы жасақталған әскер, өрт сөндірушілердің көмегімен камераға баса көктеп кіріп, бүлікшілерді жөнге келтіру операциясын шеберлікпен іске асырды.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ