Академик Жолмұхан Түрікпенұлының 200-ден аса педагогика-психология саласындағы ғылыми еңбектері елдегі жоғары оқу орындарының негізгі бағдарламасына айналды.
Онда педагогика-психология ғылымның қыры-сыры жіті қаралып, қазіргі білім беру үрдісіндегі педагогикалық технологиялар қарастырылған. Әсіресе, «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген қоғам дамуының бастауында тұрған өскелең ұрпақты рухани-адамгершiлiк және патриоттық тәрбиелеу мәселелері еңбектерінің өзегіне айналды.
Ғалымның мерейлі 80 жасына орай ұйымдастырылған бүгінгі халықаралық ғылыми жиынға қатысқан замандастары, кейінгі буын осындай тұщымды пікірде.
Айгүл ЕРМАХАН